Стоиловтың жалақысына 800 баланы қатерлі дерттен емдеуге болады

0
1 336

​Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов жылына 800 миллион теңге көлемінде жалақы алатын болып шықты, - деп хабарлайды prosports.kz Esil media-ға сілтеме жасап.


Стоиловтың жалақысына 800 баланы қатерлі дерттен емдеуге болады

фото:fanatik.com.tr

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов жылына 800 миллион теңге көлемінде жалақы алатын болып шықты, - деп хабарлайды prosports.kz Esil media-ға сілтеме жасап.

Басылым берген ақпаратқа сәйкес, аталған қаржыға еліміздегі 800-ге жуық онкологиялық дертке шалдыққан балалардың өмірін сақтап қалуға болады екен.
Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Станимир Стоиловтың келгені туралы ақпарат кеше ғана жарияланған еді. Бұған дейін футболдан ел құрамасын ресейлік Александр Бородюк жаттықтырған-ды. Ол бұл қызметті бар-жоғы 1 жылға жуық уақыт қана атқарды. Ресейлік маманның бапкер болған уақытында, ұлттық құрама 7 кездесу өткізіп, оның 6-ын жеңіліспен аяқтаса, біреуінде қарсыластарымен тең түскен.

Ал, 51 жастағы Станимир Стойлов болса, бұған дейін елордалық «Астана» командасының бас бапкері қызметінде жүріп, құраманы алғаш рет Еуропа лигасаның 16/1 финалына шығарған еді.

Esil-media редакциясы жылына 2 млн еуро төлеп, бапкер жалдайтын жаттықтырушы керек пе деген сауалды желі қолданушыларына қойған. Желідегілер аталған сұраққа «ақшаны желге шашқан», «футбол біздікі емес», «кім келсе де футболдан ұлттық құрама жақсы өнер көрсетпейді» деген сияқты пікірлер қалдырған.