Сұлтан Зәуірбек Ұлыбританияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

0
379


Сұлтан Зәуірбек Ұлыбританияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

ERNUR.KZ 22 маусымда қазақстандық боксшы Болтондағы бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зауірбек аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) шайқасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, ал бәске WBA Continental чемпионы атағы тігілген.

Алайда жекпе-жек көпке созылмады: қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бұған дейін Рейносо екі рет нокдаунда болған еді.

Айтқандай, шетелдік сарапшылар жерлесімізді Геннадий Головкиннің рингтегі орнын басады деп болжайды.


Бөлісу