Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды

0
129

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.


Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды

Сурет: olympic.kz


ERNUR.KZ. Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп жазады zakon.kz.

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.