Тарихи финал: Қазақстан семсерлесуден ӘЧ алтын жүлдесіне таласады

0
333

Қазір семсерлесуден ерлер Ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.


Тарихи финал: Қазақстан семсерлесуден ӘЧ алтын жүлдесіне таласады

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ERNUR.KZ. Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнирдің финалистері анықталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) жартылай финалда Мысырмен күш сынасып, тартысты өткен айқаста басым түсіп, тарихи нәтиже көрсетті. Есеп: 41-32.

Бұл Қазақстан ерлер командасы үшін әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш - былтырғы қола медаль. Еске сала кетейік, Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен әлем чемпионатында әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазақстан командасының бүгінгі жекпе-жектер нәтижесі:

  • Ширек финал: Қазақстан – Дания 45:36
  • 1/8 айналым: Қазақстан – Өзбекстан 28:27
  • 1/16 айналым: Қазақстан – Финляндия 45:39

Жартылай финалдың келесі жұбында Украина мен Израиль кім мықтыны анықтап жатыр. Қазір семсерлесуден ерлер Ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.