Көкшетаулық "Оқжетпестің" әйелдер командасы өз тарихында ең ірі жетістікке қол жеткізді.
ERNUR.KZ. Қазақстан чемпионатында бұл команда қызылордалық "Қайсар" командасын ірі есеппен ұтты, деп жазады vesti.kz.
Тарихи нәтиже 13-турда тіркелді. Алаң қожайындары бұл ойында 32:0 есебімен жеңіске жетті. 17 голды "Оқжетпес" ойынның бірінші таймында соқты.
Бұл жеңістен кейін көкшетаулық команда турнир кестесінде үшінші орынға жайғасса, "Қайсар" алтыншы орында.
"Оқжетпес" келесі кездесуін 8 қазан күні "БИІК-Шымкент" командасына қарсы өткізеді. Ал "Қайсар" өз алаңында елордалық "Жас-Сұңқармен" ойнайды.