Тарихи жеңіс: 16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды

0
155

Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.


Тарихи жеңіс: 16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды

фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы дзюдодан Эквадорда өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Мән-жай

Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды.

Финалда ол украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды. Шешуші сәтте отандасымыз ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдосы тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш дзюдошы ретінде тарихқа енді.