Е.Рыбакина екі сетті де 6:4 есебімен ұтты.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 123- орында тұрған қытайлық Сю Ванмен кездесті.
Е.Рыбакина екі сетті де 6:4 есебімен ұтты.
Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 72- ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен таласады.
Д.Касаткинаның екінші айналымдағы қарсыласы, әлемнің 27-ракеткасы, чехиялық Каролина Мухова кортқа шыққан жоқ. Сондықтан Д.Касаткина ойнамастан үшінші айналымға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу- Даби турнирінің үшінші айналымына шыққанын, АлександрБублик пен Андрей Голубевтің Анталия жарысының ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.