З.Дияс даниялық Клара Таусонмен кездесті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Зарина Дияс Қытайдағы Ухань WTA турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлемнің 85-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 311-орында тұрған даниялық Клара Таусонмен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:2. Үшінші, шешуші сетте Зарина есесін жіберген жоқ - 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 17 минутқа созылды.
Зарина іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 64-ракеткасы, америкалық Лорен Дэвиспен шеберлік байқасады. Оны жеңген жағдайда негізгі турнирге жолдама алады.