ТМД елдері ойындарында қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды

0
539

Үш күміс және екі қола медаль еншілеген қазақстан құрамасы әзірге жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.


ТМД елдері ойындарында қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. ТМД елдерінің ойындарында қазақстандық спортшылар бес медаль еншіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боз кілем шеберлері бірнеше салмақта кіл мықтыларды анықтады. «Ақ Барыс» жекпе-жек сарайында біздің балуандар бес медаль олжалады.

Мадияр Мәулетқанов (63 келі) финалда Беларусь балуаны Глеб Макаренкодан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

Одан кейін 67 келі салмақта Дінмұхаммед Қошқар әзербайжандық Хасрат Жафаровқа есе жіберіп, ел қоржынына «күміс» медаль салды.

77 келі салмақ санатында өнер көрсеткен Расул Жүніс ресейлік Ислам Әлиев пен әзербайжандық Муроджон Әлімжановтан кейінгі үшінші орынға жайғасып, «қола» медаль алды.

Сондай-ақ 87 келі салмақта Мақсат Сайлау күміс жүлдегер атанды.

Ал 130 келі салмақта боз кілемге шыққан Асылбек Жәнібекұлы жұбаныш белдесуде қола медальға қол жеткізді. Беларусь спортшысы Никита Ковальскийді жеңген әзербайжанды Сархан Маммадов «алтын» медальды жеңіп алды.

Үш күміс және екі қола медаль еншілеген қазақстан құрамасы әзірге жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.