Тоғызқұмалақтан әлем кубогында шымкенттік спортшы күміс жүлде олжалады

0
222

Жарыстың өтуіне Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және Чехия Манкала федерациясы ұйытқы болды.


Тоғызқұмалақтан әлем кубогында шымкенттік спортшы күміс жүлде олжалады

Чехияның Пардубице қаласында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Әлем Кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарыстың өтуіне Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және Чехия Манкала федерациясы ұйытқы болды. Айта кетерлік жайт, Әлем кубогі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен 14 елден тоғызқұмалақшылар қатысты. Олардың арасында Германия, Чехия, Латвия, Польша, Колумбия, Италия, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан да спортшылар болып, өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс нәтижесінде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен оқ бойы озып шықты. Латвия мен Қырғызстан спортшылары қос жүлдеден еншіледі. Қазақстан құрамасына түскен бір күміс жүлдені шымкенттік Салтанат Сапарбекова еншіледі. Ол блиц бәсекесінде екінші орынға ие болды.