Төрешіні ұрған Қазақстан құрамасының ойыншысы 15 матчқа шеттетілді

0
667

Тайнан матч кезінде төрешіні баспен ұрып жіберді.


Төрешіні ұрған Қазақстан құрамасының ойыншысы 15 матчқа шеттетілді

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы мен испаниялық "Эль-Посо" командасының ойыншысы Тайнан 15 матчқа шеттетілді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Испания футбол федерациясы "Эль-Посо" командасының ойыншысы Испания кубогінің финалында "Барселонаға" қарсы өткен ойында төрешіні ұрғаны үшін 15 ойынға шеттеткенін хабарлады. Тайнан матч кезінде төрешіні баспен ұрып жіберді.

Федерация Тайнанды төрешіні ұрғаны үшін 13 ойынға, сонымен қатар төрешіге дөрекі сөз айтқаны үшін тағы екі кездесуге шеттеткен.

Мұндай әрекетті Тайнан ойын соңында пенальти сериясында істеді. Төреші "Барселона" ойыншысына пенальитиді қайта табу керектігін айтты. Бірінші соққыны "Эль-Посо" қақпашысы қайтарып алған еді. Осы кезде Тайнан ашуға беріліп кетті.

Ал жалпы ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған. Кездесуде барысында Тайнан өз командасының екінші голын соқты. Қосымша уақытта 3:3 есебі тіркелді. Сөйтіп пенальти сериясында "Барселона" 7:6 есебімен жеңіп кетті.