Тоқаев жарлыққа 2026 жылдың 14 тамызында қол қойды.
фото: Sputnik / Фотохост-агентство
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына сыртқы саясат мәселелері бойынша бастамалармен өмір бойы жүгіну құқығын алып тастады, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзгеріс енгізу туралы жарлыққа 2026 жылдың 14 тамызында қол қойды.
"7-тараудың 1-тармағы алынып тасталсын", - делінген жарлықта.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарыда аталған құқығы дәл осы тармақта қамтылған болатын.
Тұжырымдаманың мәтініне Қазақстан заңнамасындағы, соның ішінде жаңа Конституцияға байланысты өзгерістерге қатысты формалды түзетулер де енгізілді. Сондай-ақ "Парламент" сөзі "Құрылтай" сөзімен ауыстырылды.
Қазақстанның Тұңғыш президенті туралы заң 2023 жылғы ақпанда күшін жойды.


