Турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Милуоки қаласында конькимен жүгіруден «Төрт құрлық турнирі» бәсекесі аяқталды деп жазады Olympic.kz.
Соңғы жарыс күнінде қазақстандық конькимен жүгірушілер командалық спринттен қола жүлде жеңіп алды. Олар Канада мен Оңтүстік Корея құрамаларына ғана жол берген.
5000 метрге жарысқан ерлер арасында Александр Кленко екінші орын алса, Станислав Палкин оныншы сатыдан көрінді.
Айта кетелік, аталған турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алған болатын.