Түркістанның қос спортшысы Азия чемпионы атанды

0
411


Түркістанның қос спортшысы Азия чемпионы атанды
Тайландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэ есуден 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дүбірлі сынға 17 елден 546 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері өте табысты өнер көрсетті.


Атап айтсақ, Альбина Халикова мен Евгения Тютюкина әйелдер арасындағы төрттік байдаркадан 500 метр қашықтықта 23 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тағынды. Азия чемпионы атанған спортшылар енді әлемдік додаларға дайындалады.