Сарапшының пікірінше, рематчтың соңында GGG үстемдік танытқанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" берген.
ERNUR.KZ. Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп жазады sputniknews.kz.
Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" бергенін еске түсірді.
"Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті "Канелоға" берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар "Канело" қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген", - дейді Панахи.
Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.