Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Бұл ережелер келесі маусымнан бастап атқарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Бұл ережелер келесі маусымнан бастап атқарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Еуропа футбол қауымдастығы төмендегідей төрт түрлі жаңа ережені мақұлдады.
1. 2018-19 жылғы маусымнан бастап Еурододалардың плей-офф кезеңінде кездесулер қосымша уақытқа (Overtime) созылса, командалар төртінші ойыншыны алмастыра алады. Ал негізгі уақытта бұрынғыдай үш ойыншы алмастырады.
2. Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының финалында және UEFA Суперкубогы үшін өткен ойында командалар кеңейтілген тізімге 23 футболшы (бұрын 18) тіркей алады. Демек, қосалқы құрамда бұрынғыдай 7 ойыншы емес, 12 ойыншы отыратын болады.
3. Матчтардың басталу уақытына қатысты өзгертулер.
Жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф ойыны, топтық кезең матчтары, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық кездесулер Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Сонымен қатар топтық кезең ойындарында әр сейсенбі және сәрсенбі күндері екі кездесу Орталықеуропа уақыты 18:55-де (Астана уақыты 22:55) басталады. Ал топтық кезеңнің ең соңғы айналымы аясындағы матчтар бірдей уақытта басталады. Нақты уақытын UEFA өз кезінде белгілейді.
Еуропа лигасының ойындары топтық кезеңнен бастап 1/8 финалға дейін Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 18:55 (Астана уақыты 22:55) және 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Нақты қай ойынның қашан өтетіні жеребе арқылы анықталады. Ал ширек финалдан бастап ойындардың барлығы 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.
UEFA Суперкубогы үшін өтетін матч Орталықеуропа уақыты 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.
4. UEFA Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдері аяқталған соң, қысқы трансфер кезінде әр команда еш шектеусіз 3 футболшыны команда қатарына тіркей алады. Бұл әр чемпионаттың қысқы трансфер кезінде жаңа ойыншы тіркеу ережелерімен бірдей. Мәселен, бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бір команданың намысын қорғаған футболшы қысқы трансферде басқа командаға ауысса, Чемпиондар лигасының плей-офф сатысында жаңа командасына көмектесе алмайтын еді. Енді жаңа ереже бойынша бұл тиым алынып тасталады.
Бұлардан бөлек тағы бір елеулі ереже, Еуропа лигасын (Бұрынғы атауы — Еуропа кубогы) қатарынан үш мәрте жеңіп алған немесе осы лигада бес рет чемпион атанған команда спорттық формаларына ерекше құрмет белгісін қадауларына болады. Ал бұндай ереже Чемпиондар лигасында ежелден бері бар.
Қазіргі уақытта бұл атаққа тек «Севилья» командасы ғана лайық. Испаниялық ұжым Еуропа лигасын осыған дейін бес мәрте жеңіп алған болатын (2006, 2007, 2014, 2015, 2016).