UFC-дің ең мықты файтері промоушеннен кететінін мәлімдеді

0
653

Жартылай ауыр салмақтағы белбеу ресми түрде босады.


UFC-дің ең мықты файтері промоушеннен кететінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. UFC-дің ең мықты файтерлерінің рейтингінде бірінші тұрған америкалық Джон Джонс промоушеннен кететінін мәлімдеді. Спортшы осыған байланысты Twitter желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Джонс UFC басшылығымен телефон арқылы сөйлескенін айтады.


"Жартылай ауыр салмақтағы белбеу ресми түрде босады", - деп нақтылады ол.


Спортшы UFC-дегі карьерасын "ғаламат саяхат" деп атап, жанкүйерлері мен қарсыластарына алғыс білдірді.

Еске салайық, UFC басшылығы мен чемпион арасындағы жанжал жекпе-жек гонорарларына қатысты туындады. Файтер тіпті жартылай ауыр дивизиондағы UFC титулынан бас тартуға дейін барған еді.

Спорт порталының мәліметінше, ММА-дегі кәсіпқой карьерасында Джонс 28 жекпе-жек өткізіп, екі рет қана жеңілген.