UFC-ге алғаш қатысқан қазақ ел намысын қорғайды

0
1 376

«Тянь-Шань барысы» лақап атымен халқаралық ММА бәсекелерінде өнер көрсетіп жүрген қандасымыз, 22 маусым күні Бейжің қаласында өтетін «Kunlun Fight» ММА кешінде өнер көрсетеді.


UFC-ге алғаш қатысқан қазақ ел намысын қорғайды

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жектен (ММА) бірнеше дүркін Қытай чемпионы атанған спортшысы Жұмабек Тұрсын Қазақстан намысын қорғайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тянь-Шань барысы» лақап атымен халқаралық ММА бәсекелерінде өнер көрсетіп жүрген қандасымыз, 22 маусым күні Бейжің қаласында өтетін «Kunlun Fight» ММА кешінде өнер көрсетеді. Спортшының бапкері Алмас Тұраровтың айтуынша, Жұмабек жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған. Енді ол тарихи Отаны атынан жарысқа шықпақ. Оның қарсыласы қытайлық спортшы Яо Хоңгаң.

«Жұмабек қарсыласын осыдан 10 жыл бұрын екі рет жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұл жолы ол қарсыласының үшінші жекпе-жекке шақыруын қабыл алды. Жұмабек-Яо Хоңгаң айқасы кештің басты жекпе-жегі болмақ»-, дейді бапкер.

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытайда туған ұлты қазақ ММА спорт шебері. Ол 2005 жылы спорттық мансабын күрестен бастап, 2009 жылы ММА-ға ауысты. Осыдан кейін, қандасымыз 5 жылда 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті. Ал 2014 жылы Жұмабек UFC-де 3 жекпе-жек өткізіп, өкінішке орай барлығында жеңіліп қалған болатын.