Усман Дембеле 2025 жылғы "Алтын Доп" иегері атанды

0
109

Раймон Копа атындағы жүлде (Ең жас ойыншы) - Ламин Ямаль (Барселона).


Усман Дембеле 2025 жылғы

Фото: Спорт Экспресс

ERNUR.KZ. Парижде өткен ресми іс-шарада France Football журналының нұсқасы бойынша "Алтын доп" жүлдесін "Пари Сен-Жермен" клубының және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле иеленді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алтын доп" жүлдесін Чемпиондар лигасының жеңімпазы және Бразилия құрамасымен әлем чемпионы атанған Роналдиньо табыстады.

Қазіргі уақытта Дембеле жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінде жүр. Сол себепті ол Лига 1 аясында өткен "ПСЖ"–"Марсель" матчына қатысқан жоқ.

Өткен маусымда Дембеле "Пари Сен-Жерменмен" бірге Франция чемпионатын, ел Кубогын, Суперкубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сондай-ақ Клубтық әлем чемпионатында финалға дейін жетті. Франция құрамасы сапында Лигалар ұлттарының қола жүлдесін иеленді.

Екінші орынды "Барселона" мен Испания құрамасының жас дарыны Ламин Ямаль иеленді. Шілде айында 18 жасқа толған футболшыға болашағына берілген сенімнің белгісі ретінде Раймон Копа атындағы сыйлық – жылдың 21 жасқа дейінгі үздік жас ойыншысы марапаты табысталды.

Үшінші орынға ПСЖ жартылай қорғаушысы, португалиялық Витинья көтерілді.

Дембеле осылайша "Алтын допты" алған алтыншы француз атанды. Бұған дейін бұл құрметке Раймон Копа (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан-Пьер Папен (1991), Зинедин Зидан (1998) және Карим Бензема (2022) ие болған.