Василий Левит Азия чемпионатының күміс медалін тағудан бас тартты – видео

0
710

Василий Левит төрешілердің даулы шешімімен финалда үнді боксшысы Санжитке есе жіберді.


Василий Левит Азия чемпионатының күміс медалін тағудан бас тартты – видео

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Василий Левит Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатының марапаттау рәсімінде күміс медальды мойнына таққан жоқ, деп жазады sputnik.kz.


91 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Левит төрешілердің даулы шешімімен финалда үнді боксшысы Санжитке есе жіберді. Бір қызығы, тіпті AIBA комментаторларының өзі қазақстандықтан жеңісті тартып алғанын атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылғы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын алмады. Василий Левиттен бөлек, Даниял Сәбит, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің күміс жүлдегері атанды, ал Сәкен Бибосынов "қоланы" жеңіп алды.