Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды

0
109

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және үш қола медаль бар.


Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.


Виктория Графеева (60 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді (Тайбэй) жеңді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және үш қола медаль бар.

Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.