Қазақстан қыздар командасы өз тобында 6 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Фото: volleyfederationkz
ERNUR.KZ. Таиландта 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасындағы волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді, деп жазады inform.kz.
Қытайлықтар 3:0 (25:15, 25:5, 25:10) есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Соған қарамастан, Қазақстан қыздар командасы өз тобында 6 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қыздар құрамасының волейболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастаған болатын.
Сондай-ақ волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.


