Юлия Путинцева Жапониядағы жарыстың финалында есе жіберді

0
3 096


Юлия Путинцева Жапониядағы жарыстың финалында есе жіберді

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің финалында есе жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы ресейлік Анна Калинскаямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Анна-Лена Фридзам - украиналық Надежда Киченокпен шеберлік байқасты.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта германиялық-украиналық жұп 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Ю. Путинцева мен А. Калинская 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.

Осылайша, Юлия Путинцева жұптық сында барынша сәтті өнер көрсетіп, Жапониядағы жарыстың финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның жұптық сында Осака турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің жартылай финалына өтті.