"Жалғыз жүлде": Қазақстандық спортшы семсерлесуден қола жүлдегер атанды

0
699

Александр Савин қола жүлдегер атанып, Қазақстан командасына жалғыз жүлдені сыйлады.


ERNUR.KZ. Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтті, деп жазады Елорда Инфо.

Жалпы бұл бәсекеге 61 спортшы қатысса, Қазақстан құрамасы сапынан 4 спортшы жүлдеге таласты. Кезең қорытындысы бойынша құрама сапынан Александр Савин қола жүлдегер атанып, Қазақстан командасына жалғыз жүлдені сыйлады. Ал алтын Дмитрий Швелидзеге бұйырды.
Сонымен қатар, Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анарқұлов 16-шы орын алды.