Бұл додаға барлығы Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді.
Фото:ҚБФ
ERNUR.KZ. Болгария астанасы Софияда бокстан халықаралық турнир “Странджа кубогінде” қазақстандық 9 боксшы жүлдеге ілікті, деп жазады stan.kz.
Оның төртеуі алтын, 2 күміс, 3 қола.
Алтын жүлдені 50 келіде Даниал Сәбит, 54 келіде Элина Базарова, 80 келіде Надежда Рябец және +80 келіде Валерия Аксенова жеңіп алды.
Ал күміс медаль 70 келіде Фарух Тоқтасынов пен 65 келіде Лаура Есенкелдіге бұйырды.
Үш қола медальді 54 келіде Әнел Сақыш, 75 келіде Валентина Хальзова мен +80 келіде Дина Исламбекова еншіледі.
Айта кетейік, бұл додаға барлығы Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді. Соның небәрі тоғызы ғана жүлдеге ілікті.
Нәтижесінде Қазақстан жалпы есепте 4 алтынмен 2-орынға тұрақтады. Бірінші орынды 7 алтын жүлде еншілеген Өзбекстан жайғасты. Үздік үштікті 3 алтын медальмен Украина елі түйіндеп тұр.


