​Жарақат алған Темірлан Анарбеков «Қайрат» сапына оралды

0
111

Қыркүйек айында «Қайрат» пен «Ақтөбеге» арасындағы ойында Темірлан Анарбеков жарақат алды.


​Жарақат алған Темірлан Анарбеков «Қайрат» сапына оралды

Фото: anarbekov_temirlan77 / instagram

ERNUR.KZ. «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков команда сапына оралды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы жаңалық клубтың әлеуметтік желісінде жарияланды.

— Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті, — делінген жазбада.
Еске салайық, тамыз айында Шотландияның Глазго қаласында өткен «Селтикке» қарсы ойында Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны 21 жастағы Темірлан Анарбеков ауыстырды.
Кейін қыркүйек айында «Қайрат» пен «Ақтөбеге» арасындағы ойында Темірлан Анарбековтың өзі жарақат алды. Ойынға 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты.