Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

0
83

7 маусымда басталған жарысқа Азияның 9 елінен 105 спортшы қатысты.


Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты мәресіне жетті. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы алтын медаль иеленді, деп жазады tengrisport.kz.

Бұл туралы дүйсенбі, 22 маусымда Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 маусымда басталған жарысқа Азияның 9 елінен 105 спортшы қатысты.

4 × 400 метрлік аралас эстафетада Қазақстан командасы 3:16,75 нәтижесін көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып қиды. Бұл бағдарламада Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов пен Мария Шувалова өнер көрсетті.

Күміс медальді Үндістан құрамасы еншілесе, үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.

Бұған дейін көркем жүзуден Қазақстан командасының өкілдері Наргиза Болатова мен Виктор Друзин Торонтода (Канада) өткен Әлем кубогінің суперфиналында жүлдегерлер қатарынан көрінгені хабарланған болатын. Спортшылар аралас жұптар (еркін бағдарлама) арасындағы бәсекеде қола жүлдеге ие болды.