Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

0
165

Бұл – Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.


Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Сурет: ktf.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік шықты, деп жазады zakon.kz.

Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты.

Есеп: 6:1, 6:4.

Айта кетейік, бұл – Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.

Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.