Спортшы жалпы есепте 29-орын алды.
ERNUR.KZ. Суға жүзуден қазақстандық спортшы Әділбек Мусин 2024 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол іріктеуде «Баттерфляй» тәсілі бойынша 100 метр қашықтыққа жүзіп, жарысқа түсті.
Әділбек Мусин өзінің тобында бесінші келді. Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 29-орынды иеленді.
Жартылай финалға іріктеуден үздік шыққан 16 спортшы өтеді.