ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ демалыс: Жетістігіңді тойладың ба, СТУДЕНТ?

0
299

Студенттер үшін бұл демалысты бос өткізбей, қызықты да пайдалы етіп жоспарлау маңызды


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ демалыс: Жетістігіңді тойладың ба, СТУДЕНТ?

көрнекілік үшін сурет: dalle.e сайтынан

Жаңа жыл – бұл тек демалыс күндері ғана емес, өзіңе жаңа мүмкіндіктер беретін ерекше кезең. Осы кезде біз өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға мақсаттар құрып, көңіл көтеріп, сонымен қатар өзімізге пайдалы бірдеңе істеуге тырысуымыз керек. Әсіресе студенттер үшін бұл демалыстарды бос өткізбей, қызықты да пайдалы етіп жоспарлау маңызды. Олай болса, сіздерге арналған қарапайым, бірақ пайдалы кеңестер:


1. Жетістіктеріңізді тойлаңыз

Жаңа жыл – өткен жетістіктеріңізді бағалайтын уақыт. Бір жыл ішінде жасаған ең жақсы істеріңізді есіңізге алып, өзіңізді мақтаңыз. Жеткен жетістіктеріңізді жазып қойыңыз немесе сол сәттерді еске түсіретін фотоларды қарап шығыңыз. Бұл өзіңізге деген сенімділікті арттырады. Осы сәтті ерекше ету үшін өзіңізге сыйлық жасауды ұмытпаңыз. Бұл жаңа кітап, сәнді аксессуар немесе өзіңіз армандаған бірдеңе болуы мүмкін. Өзіңізге осылайша кішкентай мереке ұйымдастыру да ерекше әсер береді.


2. Жылды қорытындылаңыз

Өткен жылды еске түсіріп, не нәрсеге қол жеткізгеніңізді, қандай қиындықтарды еңсергеніңізді ой елегінен өткізіңіз. Қателіктеріңізді талдап, олардан сабақ алыңыз. Бұл алдағы жылды жоспарлауға үлкен көмек береді. Әрбір оң сәтіңізді бағалап, өзіңізге алғыс айтуды ұмытпаңыз. Кофе немесе какое ішіп отырып, блокнотқа жақсы сәттеріңізді жазып қоюды кеңес береміз.


3. Денсаулықты ұмытпаңыз

Қыстың күні ұйқы режиміміз бұзылады. Әсіресе студенттерде. Демалыс кезінде осы мәселені шешіп алыңыз. Ұйқыңызды қандырып, таза ауада көбірек жүріңіз. Спортпен айналысып көріңіз, мысалы, достарыңызбен сырғанақ тебуге барыңыз. Жаңа жылдық дастархандағы "жақсы" тағамдарды жеп алып, кейін "артық салмақ" деп уайымдап жүрмеңіз. Барлығын мөлшермен істеген дұрыс.


4. Өзіңізге бір жаңалық ашыңыз

Жаңа нәрсе үйрену – ешқашан кеш емес. Демалыс – бұл жаңа хобби немесе жаңа білім бастауға тамаша уақыт. Мысалы, көптен оқығыңыз келіп жүрген кітапты қолға алыңыз. Егер не оқитыныңызды білмесеңіз, мына тізімге назар салыңыз:

  • Эрих Мария Ремарк, "Үш жолдас";
  • Джоджо Мойес, "Мен сенен кейін";
  • Мураками, "Норвег орманы".

Фильм көруді ұнатсаңыз, демалысқа лайық бірнеше фильм:

  • "В pursuit of happiness" (Қуанышқа ұмтылу);
  • "Harry Potter" сериялары;
  • "1+1" (Өмірге қайта көзқарас).


5. Артық шығынға жол бермеңіз

Мереке кезінде ақша тез жұмсалады. Сондықтан қаржыңызға сақ болыңыз. Бірден бәріне сыйлық сатып алудың орнына, өз қолыңызбен жасалған бір нәрсе ойлап табыңыз. Мысалы, кішкентай ашықхаттар немесе тәтті жасап, жақындарыңызды қуанта аласыз. Қарапайым, бірақ шын жүректен жасалған сыйлық ешқашан ұмытылмайды.


6. Жаңа жылды көңілді қарсы алыңыз

Бұл түні барлық проблемаларды ұмытып, тек жақсы көңіл-күйде болу маңызды. Жақын достарыңызбен немесе отбасыңызбен жиналып, қызықты ойындар ойнаңыз, жақсы музыка тыңдаңыз, көңіл көтеріңіз. "Мұның бәрі баланың ісі" деп ойламаңыз. Шыршаның жанында билеп, отшашуды тамашалау ешқашан кеш емес!


7. Демалыс пен оқу арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз

Жаңа жылдық демалысты тек көңіл көтеруге жұмсамай, алдағы семестрге дайындыққа да аздап уақыт бөліңіз. Құжаттарыңызды ретке келтіріңіз, қажет кітаптарды тауып алыңыз. Бірақ ең бастысы – демалыстың демалыс екенін ұмытпаңыз. Жақсылап тынығып, күш жинап алыңыз, ал сабақ уақытында жаңа жетістіктерге жету оңайырақ болады.


Жаңа жыл – бұл тек мереке емес, өзіңізді жаңа белестерге дайындаудың тамаша мүмкіндігі. Демалысты тек уақыт өткізу деп емес, өзіңізге күш-қуат жинайтын және дамуға бет бұратын сәт ретінде қараңыз.


Дайындаған: Кәрімхан Жәния