​5 МИНУТТА: КҮНДІЗГІ және КЕШКІ макияжды қалай жасауға болады?

0
631

Жылдам бояну косметикаңызды да үнемдейді.


​5 МИНУТТА: КҮНДІЗГІ және КЕШКІ макияжды қалай жасауға болады?

фото: ar.pinterest.com

Қыз келіншектердің сұлу болып жүргісі келмейтіні жоқ. Сондықтан, барынша талпынамыз. Алайда біздің көпшілігімізде уақыт жағы тапшы болып жататын жағдайлар да таныс.

Біреуге таңертең ояну қиын, ал кейбіреулер күні бойы кешкі макияжбен жүруді ұнатпайды, оның орнына жұмыстан шықпас бұрын бояйды.

Қалай болғанда да, жылдам әрі тез макияж жасай білу – бұл әртүрлі жағдайларда көмекке келетін пайдалы дағды. Ең қарапайым шешімдерді табатын кеңестерді есте сақтаңыз.


Күнделікті жылдам макияж

Таңертеңгі жиындар, маңызды іскерлік шаралар кезінде таңертең әдеттегіден гөрі 1 сағат, 30 минут ертерек тұруға тырысасыз. Барлығына үлгеру үшін. Бірақ осының барлығын меңгеріп алсаңыз, сізге боянудың түк те қиындығы болмайды.

Сонымен қатар, сіз мереке күндері немесе осындай іскерлік басқосуларда ғана емес, күн сайын әдемі және жақсы күтімді көрінгіңіз келеді. Сондықтан, күн сайын таңертең 5 минут қана уақытыңызды алатын бояну шешімдері барлық нәзікжандылар үшін ең тиімді жол.


Табиғи макияж

Түзеткіш + тушь + ерін жылтыратқышы. Табиғилық- ешқашан сәннен қалмақ емес. Әсіресе, бұл күнделікті және күндізгі макияж үшін.

Дұрыс таңдалған түзеткішпен терінің кедір-бұдырларын жақсы жасыра аласыз (ол сіздің табиғи тері түсіңізден жеңіл болмауы керек), көзіңізді ерекшелеу үшін тушь жағыңыз және өзіңізбен бірге әрдайым ерін жылтыратқышын алып жүріңіз. Бар болғаны ОСЫ! Сіздің күнделікті келбетіңіз дайын.


фото: detectorist.ru


Іскерлік макияж

Көз контурлағышы + румяна + ерін далабы. Егер сіз корпоративті мәдениеті қалыптасқан үлкен компанияда жұмыс істесеңіз, жылтыр мен ашық түстердің басымдылығынан сақ болған жөн. Өйткені, теріңізге сау көрініс беретін күңгірт қызару (румяна). Табиғи ерін түсіне жақын түсте ылғалдандыратын ерін далабын жағыңыз. Ал көзді жұмсақ қарындашпен ерекшелеуге болады. Оны кірпік сызығына мүмкіндігінше жақын жағуға тырысыңыз, осылайша көзіңізді айқындап, кірпігіңіз қалың болып көрінеді.

Егер сіз кірпік бояуынсыз (тушь) бір күн өмір сүре алмасаңыз, оны осы тізімге қосуға тұрарлық.


"Макияжсыз" макияж

Өздеріңіз білетіндей, жаңа келбеттің кілті – сау тері. Егер бұл сіздің жағдайыңыз болса сіз косметикасыз да әдемі көріне аласыз. Жазда жеңіл текстураны, қыста тығыз майларды қолданыңыз. Егер таңертең теріңіздің күйі көп нәрсені қаласа-кішкене кемшіліктерді жасыратын күтім косметикасын таңдаңыз. Теріні ылғалдандыратын ВВ кремдері мен күннен қорғайтын кремдер көмекке келеді.


Кешке арналған жылдам макияж

Алғашқы кезде әрине, сізге 5 минут уақыт жеткіліксіз болуы мүмкін. Алайда, екі аптадан кейін сіз нағыз кәсіпқой секілді боянатын боласыз!

Ол үшін алғашқы бірнеше кезеңде, бояну барысында шынтақты үстелге қоюға кеңес береміз. Осылайша сіздің қолыңыздың дірілдеуі азаяды. Көз бояуын жылдам жасаудың тағы бір тәсілі – алдымен оларды жұмсақ қарындашпен немесе теньмен бояу, содан кейін көз контурымен сызу. Жарқыраған ашық түсті теньді көздің ішкі жағына, қастың астына, жоғарғы еріннің үстіне жағуға болады. Жарықтандырғыш (хайлайтер) арқылы бет сүйектерін жылтырату. Немесе күндізгі макияждың үстіне жылтыр текстураны жағыңыз, оның көмегімен көзді немесе ерінді ерекшелеңіз.


Жылдам ерін макияжы

Кешкі макияж әдетте мәнерлі көзді ғана емес, сонымен қатар жарқын екпінді де қамтиды. Кейде сіз назарды ерінге аударта аласыз. Сізге ерін түсіне сәйкес келетін жарқын пигменті бар құрал қажет болады. Ең дұрысы, бұл қызыл ерін далабы немесе шарап түсті ерін жылтыратқышы.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Тесіктер КЕҢЕЙСЕ, қыс айларында қалпына келтіріп алыңыз


МҰЗ КЕСЕКтерінен ВАННА жасаудың пайдасы қандай?