Таза, тегіс, жарқын бет терісі мықты денсаулықтың кепілі.
фото: stock.adobe.com
Әрбір қыз баласы керемет тері туралы армандайды. Таза, тегіс, жарқын бет терісі мықты денсаулықтың кепілі екендігін барлығы да біледі. Көбінесе бет терісінде проблемасы бар арулар «бізге бұған қол жеткізу мүмкін емес сияқты» деп ойлауы мүмкін. Бірақ, бұл мүмкін. Мінсіз теріге қол жеткізу үшін әлбетте күш салу қажет: Диетадағы өзгерістер, өмір салты, күтім және басқа да көптеген жағдайларда тиісті косметиканы қолдану секілді процедураларда нәтижеге жету үшін табандылық, күш пен уақыт қажет.
Бұл қарапайым ережелер:
1. Көп су ішіңіз.
Күніне жеткілікті су ішу қаншалықты маңызды екенін бәріміз жақсы білеміз. Өкінішке орай, бұл өмірлік маңызды ережелерді барлық адам сақтай бермейді. Бірақ теріміздегі су балансы идеалды жолдағы негізгі рөлдердің бірін ойнайды. Су ағзадағы метаболизмді қалыпқа келтіреді, пайдалы заттарға сіңеді, пайдалы заттарды сіңіреді, сонымен қатар терімізді ішкі жағынан тазартады, оны ылғалмен қанықтырады және дегидратацияны болдырмайды.
2. Дұрыс тамақтануға тырысыңыз.
Тағы бір айқын, бірақ өте маңызды кеңес. Біздің теріміздің сұлулығы диетаға тікелей байланысты. Көптеген диета түрлері балғын көкөністер мен жемістерді, бүкіл дәнді дақылдарды, ет және майлы балықты, сондай-ақ ұн, майлы, тәтті, ащы, тағамдарды өз мөлшерімен тұтыну немесе бас тартудан тұрады. Кофе мен қара шайды шамадан тыс тұтыну келбетті нашарлатады.
3. Бетіңізді қолыңызбен жиі ұстай бермеңіз.
Күндіз біз үйде де көшеде де мыңдаған түрлі заттарды ұстаймыз, сондықтан, қолымыз мейлінше таза деп ойласаңыз да ол ой қате болуы мүмкін. Тіпті қолыңызды мұқият жуу да бактерияларды 100% жоймайды. Егер сіз қолыңызбен бетіңізді жиі ұстай беретін болсаңыз, безеудің қаптап шығуын оп-оңай жақындата аласыз.
фото: kasheloff.ru
4. Шашты бетіңізге түсірмеуге тырысыңыз.
Шашымыздағы көптеген бактериялар туралы айтудың өзі артық. Сондықтан, мейлінше шаш бетке кедергі келтірмеу керек. Әртүрлі шаш үлгілері сәнде болып, бетті жартылай жауып тұратын шаш үлгілері де сәнге енуі мүмкін. Дегенмен, бұл бетке екі есе күтімді қажет етеді. Әйтпесе, маңдайдағы безеулер пайда болуы мүмкін.
5. Теріңізді құрғатпаңыз.
Проблемалық теріге арналған кейбір құралдар агрессивті болуы мүмкін, сондықтан оларды қолдану терінің күйін нашарлатып жіберуі әбден мүмкін.Жиі пилинг жасауға тура келсе, ол да бет терісінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін. Бетке күтім жасаудың негізгі кезеңдерін қамтитын дұрыс косметиканы таңдаңыз: тазартқыш, тоник және ылғалдандыратын табиғи компоненттер.
6. Скрабтарды сақтықпен қолданыңыз.
Скрабтар-мінсіз терінің танымал құралы. Дегенмен, дұрыс таңдалмаған, үшкір пішінді ірі бөлшектері бар скраб нәзік теріні айтарлықтай зақымдауы мүмкін. Скрабты таңдау үшін тек сезімтал ғана емес, сонымен қатар жұмсақ тазартуды қажет ететін проблемалы бет терісіне де мұқият қарау керек. Орташа скраб бөлшектері, құрамындағы көмір және осы құралдың көп функционалдығы таптырмас көмекшіңіз бола алады.
7. Бетіңізді жуу үшін спонж қолданыңыз.
Косметологтар барлық көбіктенетін бет жууға арналған құралдарды арнайы косметикалық губкамен жууға кеңес береді. Оның көмегімен сіз бетіңіздегі кірді ғана емес, сонымен қатар бет жууға арналған өнімнің қалдықтарын, сондай-ақ өлі тері жасушаларын да жақсы кетіре аласыз.
8. Сергіту үшін мұз текшесін пайдаланыңыз.
Түймедақ, ақжелкен секілді емдік шөптердің тұнбасынан дайындалған мұз текшелері түріндегі сериялар керемет бет күтімін қамтамасыз етеді.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: