​Мұрындағы «ҚАРА НҮКТЕні» кетірудің ОҢАЙ жолы

0
1 081

Адамның көзіне ол қара нүктелер болып көрінеді.


​Мұрындағы «ҚАРА НҮКТЕні» кетірудің ОҢАЙ жолы

фото: tanmanopt.ru

Қара нүктелер, немесе комедондар бет терісінің май бездерінің шаң немесе кірмен бітелуіне байланысты пайда болады. Осы себептен терінің ұсақ тесіктері "қара түске" ене бастайды. Адамның көзіне ол қара нүктелер болып көрінеді.


Комедондар беттің Т-зонасында көптеп шығады, себебі бұл жердің терісі майлы болып келеді. Сондықтан қара нүктелерді көбінесе мұрын, маңдай және иек тұстарынан байқауға болады.

Үй жағдайында маскамен қара нүктелерді кетіруге болады. Ол үшін бізге керекті заттар көп емес.

Құрамы:
- 1 шай қасық сода;
- 1 шай қасық тұз;
- Крем;
- Жуынуға арналған көбік.
Құрамдас заттарды араластырып қоямыз. Бет терісін көбік немесе басқа да сұйықтықпен тазалаймыз. Қоспаны бетімізге жағып, қолымызбен ысқылаймыз. Назарыңызды қара нүктелер көп жиналған жерлерге бөліңіз. Масканы бетте 5 минутқа қалдырып, кейін жуып тастаңыз. Бетіңіз қызаруы әбден мүмкін. Бірақ, алаңдаудың қажеті жоқ, бұл жарты сағаттан кейін дұрысталады. Теріңіздің қызарғаны кеткеннен кейін бетіңіздің кіршіксіз таза екенін байқайсыз. Қара нүктелер екі аптадан кейін қайтадан пайда болуы әбден мүмкін. Масканы сол уақытта қайталасаңыз болады.

Бұл жайлы дерматолог маманның да кеңесі ауадай қажет болар.

* Қара нүктелерді кетіру үшін үйдегі сұлы майы немесе қант скрабымен тері тесігін қабыршақтап, тазалаңыз.

* Мұрыннан қара нүктелерді ақырын алу үшін кеуекті жолақтарды немесе жұмыртқаның ақ бетін пайдаланыңыз.

* Балшықтан жасалған масканы таңдаңыз бентонит сазы теріңізді табиғи ылғалдандыру және тері тесігін тарылту үшін.


Қара нүктелерге арналған тері күтімі өнімдері


фото: lavali.ru

Салицил қышқылы және гликоль қышқылы бар тазартқыш

Бітелген тері тесіктеріндегі майларды ыдыратудың ең жақсы жолы - құрамында бета-гидрокси немесе салицил қышқылы бар өнімдерді пайдалану. Бұл өнімдерді үнемі пайдалану тері тесігін тазарту кезінде қара нүктелердің пайда болуын болдырмауға көмектеседі.

Салицил қышқылы гликоль қышқылымен жұмыс істейді, теріңіздің бетіндегі өлі тері мен терең орналасып қалған кір қалдықтарын кетіруге көмектеседі.


Ретиноидтарды қолдану

Бұл туралы алдымен дерматолог-маманмен кеңесіңіз. Ретиноидтар - бітелген тері тесігін тазарту және қара нүктелердің пайда болуын болдырмау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі. А дәруменін қолдана отырып клиникалық тұрғыда мақұлданған безеуді емдеу түрі. Кез келген дәрі-дәрмек сияқты, ретиноидтар жанама әсерлермен бірге жүретіндіктен, дәрігермен кеңескен дұрыс. Жұмсақ ретиноидтарды рецептсіз сатып алуға болады дегенмен, күштірек доза үшін сізге дәрігердің рецепті қажет.

Әдетте пациенттер ретиноидтарды 6 апта бойы қолданғаннан кейін терінің жақсарғанын байқай бастайды.


Микродермабразияны қолдану

Микродермабразия - қара нүктелер пайда болған терінің сыртқы қабатын ақырын кетіру үшін ұсақ кристалдарды қолданатын кәсіби тері күтімі. Бұл қабыршақтау әдісі теріңізді жасартуға және оның жұмсақ әрі жарқын болуына көмектеседі. Емдеу 30-дан 40 минутқа дейін созылады және нәтижені көру үшін жиі 5 реттен 16 ретке дейін емдеу қажет. Емдеуден кейін тері тітіркенуі және ісінуі мүмкін, сондықтан теріңіздің сезімталдығы туралы дерматологпен алдын ала сөйлесіңіз.


Бу моншасы

Бетіңіздегі қара нүктелерден арылу үшін тері тесіктерін ашу оны жұмсартуға көмектеседі. Бетіңіз сиятындай үлкендеу ыдысты қайнаған сумен толтырыңыз, оны бірнеше минут суытыңыз, содан кейін басыңызды және тостағанның қалған бөлігін сүлгімен жауып, тостағанның үстіне еңкейіңіз. 5-10 минут осылай бумен тері тесіктерін ашып, теріні жұмсартып алған соң, құрғатып бетке арналған скрабты абайлап қолданыңыз. Егер сізде буға қарсы көрсетілім болса жасамай-ақ қойғаныңыз дұрыс.


Сұлы ұнынан МАСКА

Теріңізді өлі қабаттардан арылту және ылғалдандыру үшін сұлы ұнынан маска жасаңыз. Ыдысқа 2 ас қасық сұлы жармасын, 3 ас қасық кәдімгі йогуртты және жарты лимон шырынын біріктіріңіз. Барлығы біріктірілгенше қоспаны жақсылап араластырыңыз және дайын болған қоспаны саусағыңызбен алып, мұрныңызға жағыңыз. Масканы ақырын сүртіп, жылы сумен шаймас бұрын 5-10 минутқа қалдырыңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бұл масканы аптасына бір рет жасаңыз.

Сұлы майы - теріңізге керемет көмектеседі, тітіркенуді азайтатын және ылғал қосатын табиғи ингредиент. Кәдімгі йогурт безеуден туындаған қабынуды ағартуға, ылғалдандыруға және жеңілдетуге көмектеседі. Сондай-ақ лимон шырыны терінің табиғи рН деңгейін теңестіре отырып, теріні ағартуға көмектеседі.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖЕМІСтен жасалған ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ маскалар

Шашыңыз ЖИІ ТҮСЕ МЕ? СЕБЕБІН анықтаңыз