Шашқа КЕРАТИНнен келер ПАЙДА бар ма, ҚАУПІ көп пе?

0
270

Кератиндік түзулеу әдісін шаш шеберлері емдік қасиеті бар деп жарнамалайды


Шашқа КЕРАТИНнен келер ПАЙДА бар ма, ҚАУПІ көп пе?

Сурет: ЖИ

Сұлулық индустриясында шашты кератиндік қалпына келтіру мен түзулеу процедурасы сұранысқа ие қызметтердің басында тұр. Тегіс, жылтыраған әрі жібектей жұмсақ шашқа қол жеткізуді аңсайтын арулар бұл әдіске жиі жүгінеді. Сырт көзге процедураның атауының өзі шашты емдеп, құрылымын қалпына келтіретіндей, демек, денсаулыққа тек пайда әкелетіндей әсер қалдырады. Алайда, осы жылтыр бейненің артында қандай сыр жатыр? Кератин расымен де шаштың құтқарушысы ма, әлде уақытша сұлулықтың артында денсаулыққа төнер қауіп бар ма? Ақ-қарасын бірге ажыратып көрейік.


Емдік қасиеті бар ма?

Кератиндік қалпына келтіру әдісін шаш шеберлері емдік қасиеті бар деп жарнамалайды. Дегенмен, ол шашты емдеу шарасы ретінде емес, тек эстетикалық процедура ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені кератиндік қалпына келтіру құралдарының құрамында шашқа ғана емес, теріге де кері әсер ететін агрессивті заттар бар. Олар созылмалы тері ауруларының асқынуына немесе аллергиялық реакция пайда болуына әкелуі мүмкін.

Көбінесе мынадай шаш иелері жүгінеді:

  • Шашы табиғи бұйра немесехимиялық бұйралаудан кейін;
  • Қатты, сәндеуге қиын, икемге көнбейтін шаш;
  • Жұқа шаш – кератин шаштың түбірінде бос кеңістіктерді толтырады.

Алайда, кератин эстетикалық процедура, яғни ол шашты емдеуге емес, тек тегістеп, бос кеңістіктерді толтыруға арналған. Бұл әдіс түзететін үтікті жиі қолданатын қыздар үшін қолайлы. Кератиннің арқасында уақытша термиялық құралдардан бас тарта аласыз, осылайша шашқа зиянды әсерін азайтасыз.

Егер шашты қалпына келтіргіңіз келсе, басқа процедураларға, мысалы, ботоксқа назар аударыңыз. Ал ең жақсысы – трихологқа барып, емдеу бағдарламасын таңдауды сұрау.


Құрамында не бар?

Кератинді түзету үшін қолданылатын кәсіби құралдардың негізгі құрамдас бөліктері мыналар:

  • Гидролизденген кератин
  • Формальдегид және оның аналогтары (шашты түзету әсері үшін қолданылады, ингаляциялау кезінде зиянды болуы мүмкін және ағзаға теріс әсер етуі мүмкін)
  • Басқа да компоненттер (шаш күтіміне көмектесетін әр түрлі майлар, витаминдер сияқты қосымша құрамдас бөліктер)

Айта кету керек, кәсіби құралдардың бәрінің құрамы бірдей емес. Өндіруші компания мен пайдаланылатын компоненттерге байланысты әртүрлі болып келеді. Біреуінде кейбірі кем немесе артық, бірі бар, бірі жоқ. Сондықтан, зиянды не зиянсыз деп айту үшін алдымен өнімнің құрамымен танысу керек. Мәселен, формальдегидтің мөлшері аз болып келетін кейбір құрамдар бар, олардың зияны да аз деп есептеледі. Ескеретін бір жайт, қазіргі уақытта толығымен қауіпсіз құрамдар жоқ.


Пайдасы

Шаш құрылымын жақсарту. Белсенді заттар терең зақымдарды жояды.

Қорғаныш қабатын қалыптастыру. Ол темекі түтінінің, суық және ыстық ауа, желдің зиянды әсерін азайтады.

Шаштың икемділігі. Шаш өздігінен бұйралану, қисаюды тоқтатып, оңай таралады және шаш үлгісін жасауға икемді бола түседі, тегіс орналасады.

Бояу, мелирлеу, бұйралау және басқа химиялық және термиялық процедуралардың салдарларын жою.


Зияны

Тамырларға қосымша жүктеме. Шаш қалыңдап, олардың салмағы артады, сондықтан тамырларға да қосымша жүктеме түседі.

Нәтиженің ұзақ болмауы. Бірінші процедурадан кейін нәтиже үшінші-төртінші рет шашты жуу кезінде толық жоғалып кетуі мүмкін.

Кері әсер. Кератин процедурасынан кейін бастапқы уақыттарда шаш әдемі әрі сау көрінеді. Бірақ ол әр жуған сайын біртіндеп шайылады. Сондықтан бірнеше айдан кейін шаш бұрынғыдан да нашар көрінуі мүмкін.

Көлемінің жоғалуы. Процедурадан кейін шаш бұрынғы көлемін жоғалтуы мүмкін, себебі кератин шашты түзулеп, оларды жалпақ және тегіс етеді.

Күтімнің қиындауы. Процедурадан кейін алғашқы бірнеше күнде шашты жууға, бұйралауға немесе өруге болмайды. Өйткені кератин толығымен сіңіп, өз әсерін көрсетуі үшін уақыт беру қажет. Сондай-ақ, алдағы уақытта шашты тек арнайы сусабынмен жуу талап етіледі.

Құрамындағы зиянды заттар. Кератинмен түзетуге арналған косметикалық құралдарда көбінесе химиялық заттар, мысалы формальдегид және оның туындылары болады. Олар кератинді бекіту және ұзақ уақытқа созылатын әсерді жасау үшін қолданылады. Алайда формальдегид көзді, теріні және тыныс алу жолдарын тітіркендіруі, аллергия тудыруы және дұрыс қолданбаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін.

Сәтсіз нәтиже мүмкіндігі. Егер процедураны біліксіз маман жүргізсе немесе сапасыз өнімдер қолданылса, бұл шаштың біркелкі тіктелмеуіне, күтпеген текстуралардың пайда болуына немесе зақымдануына әкелуі мүмкін.


Қарсы көрсеткіштер

  • құрамындағы компоненттерге аллергия
  • бас терісінің зақымдануы
  • кейбір аурулар
  • қалпына келтіру кезеңі
  • операциядан кейінгі кезең
  • қатерлі ісіктердің болуы

Осындай жағдайларда кератиндік қалпына келтіру процедурасын жасату өте қауіпті. Мұндай шектеу болмаған күнде де, процедураны жасатпастан бұрын маманмен кеңескен жөн.


Жүктілікке әсері

Жүкті әйелдерге процедураны жасау ұсынылмайды, себебі формальдегидтің ұрыққа әсері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, босанғаннан кейінгі алғашқы үш айда немесе емшек сүтімен тамақтандыру кезінде кератинмен түзету жасау мен балада лейкемияның дамуы арасында белгілі бір байланыс анықталған.


Кератинделген шашты бояуға болмайды

Кератиндік қалпына келтіру процедурасынан кейін шашты қыздыру құралдарымен кептіруге, үтіктеуге, бұйралауға болмайды деп жатады. Өйткені, одан кейін қыздыру құралдарын қолдану шашты термиялық зақымдауға әкелуі мүмкін. Қызған кезде шаштың ылғалы буланады, бұл шашты бұйра, осал әрі сынғыш етеді.

Алайда, кератиннен кейін ешқашан шашты фенмен кептірмеу, қысқышпен бұйрамалау мүмкін емес шығар. Әйтсе де, өзіңіз үшін барынша сақтық танытқан және мүмкіндігінше сирек қолданған абзал.

Процедурадан кейін біраз уақытқа дейін бояу да ұсынылмайды. Себебі кератин бояудың шаш құрылымына енуіне кедергі жасайды, бұл біркелкі болмауына немесе түстің тұрақтылығының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Дайындаған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сұлулық салонында «ТЕГІН» деген процедуралардан САҚТАНЫҢЫЗ!

ШҰЛЫҚ кию ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІРдің сапасын жақсартады

Бұл ФИЛЬМдерді көрсеңіз, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІлерді өшіріп тастайсыз