​Бақытты отбасы болу үшін бұл сөздерді ата-енеге айтуға болмайды

0
3 709

Жолдасыңыздың ата-анасы жақсы досыңыз болып кетпесе де, арада жайлылық сақтауға, жау көрмеуге тырысып көріңіз.


​Бақытты отбасы болу үшін бұл сөздерді ата-енеге айтуға болмайды

Әрбір әйел баласы үшін жолдасының туыстары, ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болу оңай бола бермейді. Олар өздері тәрбиелеп, өсіріп, қаншама күшін сарп еткен жанның қытығына қалай тиюді, қалай, қай жерде, қандай әрекет жасау керек екенін жақсы біледі. Егер келінді жақсы қабылдаса отбасылық өмір кереметтей бақытқа айналады. Ал келінді жақтырмаса онда үйден жиі ұрыс-керіс естіліп, тіпті салдарынан жұбайлар екіге кетіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше жолдасыңыздың ата-анасымен ортақ тіл табуға тырысу керек.


Күйеуіңіздің ата-анасы өздерін қалай ұстауы мүмкін

Жолдасым жақсы көреді, сондықтан оның отбасына да толықтай ұнаймын деп ойлау қателік. Сіз оларға түрлі себептермен жақпай қалуыңыз мүмкін. Әрине оларға ұнау, жақсы көріну міндетті емес. Бірақ жолдасыңыз оларды тастап кете алмайтын болғандықтан мүмкіндігінше тіл табысқан дұрыс. Ең дұрысы қай уақытта болса да эмоцияға ерік беріп қоймау керек.


Жарылқаушы ата-ене

Сырт көзге қарағанда мұндай ата-ене кез келген келіннің арманы. Балаға қарай тұру, таусылған азықты әкеліп, толтырып қою олар үшін түк қиын емес. Әркезде құнды кеңесін беріп, көмегін ұсынып жатады. Бірақ кейде оолардың мұндай әрекеті шектен шығып, жеке шекараға өтіп кетіп жатады. Еденді қалай дұрыс жуу керек, пайдалы болу үшін таңғы асқа қандай тамақ жасайтыныңызды айтып отырады.

Әрине өзіңізді жайсыз сезінесіз, бірақ шын жүректен айтып жатқанын түсінген соң қайырымсыз болып көрінгіңіз келмейді. Дегенмен бір күні бұл сізді шаршатып, шыдамды тауыса бастайды. Мұндайға жеткізбес үшін – бөлек тұратын болсаңыз жиі хабарласыңыз, бірге болсаңыз өзі бастамай жатып ақыл кеңес сұрап тұрыңыз.


"Манипулятор" ата-ене

Жарылқаушы ата-анадан айырмашылығы, мұндай жандардың әр ісінің артында өзінің жеке есебі жатады. Әдемі сөздерімен өздерімен еркіңізді байлап алуға тырысады. Мәселен бір затты алуға қаржылай көмек сұрадыңыздар. Жоқ демейді, бірақ әрине деп өз қалауындағы нәрсені әкеліп береді. Яғни сіз керек затыңызды алғаныңызбен ойыңыздан шығатындай, түсі, көлемі дегендей ала алмайсыз. Сіз үшін шешімді өздері қабылдай салады.

Мұндағы мәселе олар баласы үшін (күйеуіңіз) өздерін әлі де жауапкершілікте сезінеді. Сізді де қоса өз жауапкершіліктерінде деп түсінеді. Сондықтан отбасыңыздағы әрбір істі, әрекетті бақылап отырады. Ол кісілерге бірдеңе деп айтсаң «сендерге жақсы болсын дедік» деп шығады.

Егер жолдасыңыздың ата-анасы манипулятор болса, онда ол кісілермен күресу бекер. Сондай-ақ мұндай кезде күйеуім сөзімді тыңдап, сіз жаққа шығады деген ойдан аулақ болыңыз. Бар болғаны айтқанына жымия қарап, сіздікі дұрыс, жарайды дегеннен аспау керек. Бірақ өз көңіліңізге жаққанын істеңіз. Егер енеңіз қоңыр түстен түсқағаз жапсырайық десе, сіздің көңіліңіз ашық түс болса, онда ашық қоңыр таңдаңыз. Ешқандай ұрысқа бармаңыз. Мен де сол отбасымызға жақсы болсын деп істедім деп өз тәсілін өзіне қолданғаныңыз жөн.


Бәлеқор ата-ене

Мұндай ата-аналар келінінің жағдайын, көңіл күйін жиі сұрап өздерін өте жақсы көрсетеді. Бірақ саған көңілі толмаған жердің барлығын жолдасыңа, сыртқа айтып отырады және оны «бастысы балам бақытты болса болды» дейді.

Уақыт өте мұның барлығы сізге жетеді. Ондай кезде айғай шу шығарудың қажеті жоқ. Жұрттардан естідім деп айтып қойсаңыз жеткілікті. Жолдасыңызға да мен туралы осылай деп жүр екен деп шағымданудың қажеті жоқ. Ашуыңыз ішіңізге сыймай, сабырыңыздан айрылсаңыз дос адамыңызға айтып ақтарылып алыңыз.


Ашуға жылдам берілетін ата-ене

Мұндай жандар да бар. Олар көңіліне ұнамағанның бәрін айтып салады. Себебін айтсаңыз айғайлап, ашуланып шығады, ештеңе ұнамайды. Көбіне ашуын келіннен алады. Жай сөйлесу мүмкін болмайтын кездер болады. Тек ондай кезде айғайламай нақты жауап берсеңіз ғана ұтасыз. Егер сіздің сөзіңізді тыңдамай тек өзінікін дұрыстап ашуланып жатса үндемеңіз. Бастысы мұндай кезде жолдасыңыз ата-анасына қосылып сізге қарсы шықпаса болды.


Ата-енеге айтуға болмайтын сөздер

Біреуді күштеп өзіңізді жақсы көрсете алмайсыз. Жолдасыңыздың ата-анасы жақсы досыңыз болып кетпесе де, арада жайлылық сақтауға, жау көрмеуге тырысып көріңіз.

  • Бізге сіздердің көмектеріңіз керек емес, өзіміз-ақ күнімізді көреміз;
  • Егер сіздер сияқты ата-анасы бар екенін білгенімде тұрмысқа шықпас едім;
  • Мен қалай айтам, солай болады;
  • Өз балаларыңызға дұрыс тәрбие бере алмағансыздар, біздің балаларға тиіспеңіздер;
  • Егермен болмасам сіздердің балаларыңыз ешнәрсеге қол жеткізе алмас еді;
  • Өз өмірлеріңізді реттеп алыңыздар;
  • Немерелеріңізді көрмейсіздер;
  • Сіздер ешнәрсені дұрыс істемейсіздер;
  • Әйелді өздеріңіз таңдап әпермедіңіздер ме?!

Күйеуіңізбен сөйлесіңіз, ата-анасын сыйлайтыныңызды айтыңыз. Бірақ алыстан сыйласуды ұсыныңыз.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.