көрнекілік үшін фото: gizchina.it
Қазір ұялы телефон ұстамайтын адам кем де кем. Тіпті балабақшадағы балаларға дейін телефон ұстайтыны кездеседі. Көптеген ата-аналар үшін балаға алғашқы телефонды қай уақытта әперу керек екені маңызды болмауы мүмкін. Дегенмен, әлемдік статистикаға бір көз жүгіртіп шықсаңыз, баланың телефон ұстауына да көбірек мән беру қажеттілігін байқайсыз.
Әлемдік зерттеулер нәтижесі:
- Алғашқы телефонына ие болатын балалардың орташа жасы – 11 жас
- Орта есеппен әр бала күніне 2 сағат уақытын телефонда өткізеді екен
- 6 жастағы балалардың 10 пайызында өзінің жеке телефоны бар
- 10 жастағы балалардың тең жартысы жеке телефонға ие
- 12 жастағы балалардың 88 пайызында өз телефондары бар
- Ата-аналар мен қамқоршылардың 50 пайызы баланың телефонда отыру уақытын шектеу қажет деген пікірде
- 8 ден 11 жасқа дейінгі балалардың 21 пайызында әлеуметтік желіде өз профильі бар
- Ал 12 мен 15 жастағы жасөспірімдердің 71 пайызында әлеуметтік желіде профильі бар
- 12 мен 15 жастағы балалардың 70 пайызы телефондарымен бірге ұйықтайды
Балаға алғаш телефон алып берген ата-аналарға үшін:
Sim-картаға шектеу орнатыңыз
Сіз тарифті оңай басқара аласыз. Көптеген операторлардың балаларға арналаған балаңыздың не көргені, қанша гигабайт жұмсағанын көрсететін арнайы тарифі бар. Оны әрбір ата-ана қадағалап, тарифті қалауынша көтеріп немесе төмендетіп отырады.
Ересектерге арналған контентті бұғаттаңыз
Кейбір тарифтер ересектерге арналаған кино мен құмар ойындарға кәмелетке толмағандар кіре алмайтындай бұғат қойылған. Егер ондай жоқ болса, оны өзіңіз қадағалап, көріп отырғаныңыз дұрыс.
Келісіңіз және негізгі ережелерді орнатыңыз
Негізі баламен келісіп, бірге нақты ережелер қойып алған дұрыс. Телефонды қай уақытта, қанша уақытқа дейін ұстау керек және қандай жағдайларға қолдану қажеттігі мен нендей сайттарға кіретінін талқылап алыңыз.
Телефон мен ғаламтордың пайдасынан бөлек зиянды жақтарын да толық айтып, ескертіңіз. Денсаулыққа, жүйкеге қаншалықты зиян екенін айтыңыз. Шектеулерді не үшін қойып жатқаныңызды да айтуды ұмытпаңыз.
Кибербуллинг жайлы айтыңыз
Ғаламтордағы қандай әрекеттерді қабылдауға болады, қайсысын болмайтыны жөнінде айтып, үйретіп қойған дұрыс. Бала әлеуметтік желідегі өзін мазалаған жағдайларды сізбен бірге талқылай алатындай болуы керек.
Телефонды бөлек бөлмеге қуаттауға қоюға үйретіңіз
Әр ата-ананың телефон ұстаған балаға үйрететін жақсы дағдыларының бірі, түнде телефонды жатын бөлмесіне қойғызбау. Қараңғы бөлмеде ұзақ уақыт телефон қарау, көзді құртады және ұйқы гармонын бұзады. Сондай-ақ бала ұйықтарда телефонды қуаттуға қойып жатып қалуы мүмкін. Ал бұл өте қауіпті екенін ескеріңіз. Сондықтан мүмкіндігінше жатарда балаға телефон ұстатқызбай, оны басқа бөлмеге қойып қоюға дағдыландыру қажет.
Арзан немесе ұсталған телефон әперіңіз
Алғашқы кезде балаға арзан бағадағы немесе ұсталған телефон әперген жөн. Ұстап, қолданып үйренгеннен кейін ғана жаңасын алуға болады.
Оқу құралының бірі ретінде қолдануға үйретіңіз.
Қазіргі кезде телефон мықты компьютер, ноутбуктың қызметін атқара береді. Балаға қажетті дағдыларды үйренетін қосымшаларды, қажетті ақпараттардың ойын түріндегісін берсеңіз болады.
Телефонды сақтандырып қоюға болады
Егер балаңызға қымбат телефон әперіп, оны жоғалтып немесе сындырып қояды деген күмән болса, онда ала салысымен сақтандырып қойсаңыз болады. Қазір түрлі сақтандыру компанияларын оңай таба аласыз.
Балаға телефонды қанша жаста әперген дұрыс?
Мамандардың көпшілігі балаға алғашқы жеке телефонын 10-14 жас аралығында әперген дұрыс деген пікірде. Алайда, қазір жоғарыда айтып кеткеніміздей 6 жастағы балалардың өзінің 10 пайызында жеке телефоны бар. Бұл деген ата-аналардың көпшілігі баласының телефон ұстауына ерте бастан рұқсат береді деген сөз.
Бірақ, олардың көпшілігі телефонның баланы ата-анадан алыстата түсетінін ескере бермейді. Бала қаншалықты ерте жастан бастап телефон ұстаса, ол соншалықты ата-анасымен аз уақыт өткізетін болады. Яғни, телефон – ата-ананың баламен сөйлесуден босауы. Балаңызбен жиі уақыт өткізіп, көбірек сөйлескен сайын, оның телефонды қажет етуі азая түседі.
Дайындаған: Э.Базарбаева,