Оған Астана прокуратурасы ықпал еткен.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Астана қаласының прокуратурасы жалақы төлеу мәселесін ерекше бақылап, тығырыққа тап болған қызметкерлердің құқығын қорғаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, Астанада жалақысын ала алмай жүрген мыңнан астам адам тіркеліпті. Оларға жұмыс берушілері 1,1 млрд теңге қарыз болған. Солардың арасында жалақысының орнына көлік алғандар бар.
«Мысалы, прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот орындаушы берешекті өтеу есебінен серіктестікке тиесілі 9 млн теңге тұратын көлік құралын жеке тұлғаға берді», - деп хабарлайды прокуратура.
Тағы бір компания 60 қызметкеріне жалақы төлемей жүрген. Іске прокуратура араласқан соң компания 16 млн теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегін мәжбүрлі түрде өтеген.


