Мектепке дайындық: Балаңызға ең қажетті 10 зат

0
19 417

Оқушыны жаңа оқу жылына дайындау, қиындық кезеңі болуы да мүмкін. Өйткені, отбасылық бюджеттің айтарлықтай шығыны орын алатын кезең.


Мектепке дайындық: Балаңызға ең қажетті 10 зат

Жаңа оқу жылы да жақындап келеді. Ал балалары мектеп жасындағы ата-аналар үшін қарбалас кезең де басталды. Әрбір ата-ана баласының оқу-білімге құштарлығын арттыру үшін әрине, жаңа оқу жылында жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз еткісі келетіні белгілі. Алайда, шыны керек, әсіресе төрт-бес баласы бірдей мектепке баратын отбасылардың қалтасына әжептеуір салмақ болатыны да сөзсіз. Бірақ, баланың болашағы үшін ата-ана ештеңеден аянбағанымен, қолындағы барын оқушы балаларына бірдей жеткізуге тырысады.

Оқушыны жаңа оқу жылына дайындау, қиындық кезеңі болуы да мүмкін. Өйткені, отбасылық бюджеттің айтарлықтай шығыны орын алатын кезең. Біздің де айтпақ болғанымыз, қалайша үнем жасауға болады? Яғни, жаңа оқу жылында артығымен алып қоймасаңыз да, келесі жалақыңызды алғанша бірсыпыра қажетті заттардың тізімін жасап көрейік.

Бұл әрине, ең алдымен мектеп формасы. Сөмке және кеңсе тауарлары, оқу құралдары мен жұмыс дәптерлері. Киім мен аяқ киімнің де бірнеше үлгісін сатып алуға тура келеді: күнделікті мектепке арналған киім және спорттық киімдер, дене шынықтырумен айналысу үшін спорт залға арналған аяқ киім (кеды, крассовка, чешки).

Ал спорттық үлгідегі сөмке, яғни рюкзак міндетті түрде болғаны жөн.

Сөмкесі мүмкіндігінше ортопедиялық жабыны бар материалы төзімді, тез тозбайтын және ылғал өткізбейтін, күн сәулесіне өңін жоғалтпайтын болғаны әрине дұрыс.

Кеңсе тауарлары: кемінде 5 дана көк қаламсап (ручка), түрлі-түсті қарындаш, жәй қарындаш (кемінде 5 дана), өшіргіш, қалам ұштағыш, сызғыш (түрлі мөлшердегі 2 дана), пенал, дәптерлер үшін мұқабалар.

Бейнелеу өнері мен еңбек сабақтары үшін: акварель бояуы, бояуға арналған стакан және қылқаламдар (әртүрлі мөлшердегі) гуашь, балауыз бор, ақ және түрлі-түсті картон, түрлі-түсті қағаз, желім-қарындаш, ПВА желімі, ермексаз (пластилин),ермексаз үшін тақтайша, қағаз қиюға арналған қайшы, сурет дәптері, алжапқыш т.б.

Ал бастауыш сынып үшін кейде оқулықтарын да сатып алуыңызға тура келеді. Жоғары сынып оқушылар үшін күнделік, атлас, контурлы карталар, пәндік дәптерлер және флеш-карта, транспортир қажет болады.

Осының барлығын бірден сатып алуға көп жағдайда қаражаттың жеткіліксіздігі себеп болып жатады. Сондықтан ықшамдап қана оқушының ең керекті 10 құралын тізімге енгізіңіз:

1. Міндетті түрде оқушының мектеп формасы. Күздің ең суық кезеңдеріне арналған киімді емес, алдымен алғашқы қоңырауға және оқу жылының алғашқы айында, жылы кезеңге арналған киім;

2. Сөмке. Қаржылық жағдайыңызға қарай бағасын да өзіңіз таңдайсыз;

3. Спорттық киім. Мұның да бағасы қымбат, қысқа арналған түрін кейінге қалдыруыңызға болады;

4. Аяқ киімдер. Күнделікті туфли және спорттық аяқ киім;

5. Дәптерлер, дәптер мұқабасы. Әр пәнге лайықтап 5 дәптерден алуыңызға болады. Егер жоғары сынып оқушысы болса көп парақты арнайы пән дәптерінен бір-біреуден жеткілікті;

6. Қаламсап, қарындаш, өшіргіш, пенал секілді кеңсе тауарларын да отбасыңыздағы оқушы бала санына бір-бірден алуға мүмкіндігіңіз бар;

7. Қазіргі кезде шет тілі бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан, шет тілінің сөздігі. Балаңыздың тіл меңгеруін қаласаңыз, аянып қалмаңыз және мұғаліммен кеңесуді де ұмыт қалдырмаңыз;

8. Күнделік;

9. Шығармашылық сабақтар үшін қажетті құралдар: қайшы, желім, ермексаз, сурет салуға арналған дәптер;

10. Түрлі фигураларды сызуға арналған сызғыштар топтамасы, циркуль қажет болады.


1-сыныпқа баратын БАЛА мен оның АТА-АНАСЫ бұны білгені жөн!

Мектеп формасы: Ата-аналар киімді қалаған жерден ала алады


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ