Ашуланбаңыз! Әрине, бұл әділетсіздік қой... Дегенмен, ер адамдардың ойынша «әйелдер телефонмен жатып алып әңгімелеседі...» деген пікір олардың санасына сіңіп қалған.
Кейбір кездері өмірлік жолдасыңыздың өзін ұстауы сізге ұнамайтыны соншалықты, не күлеріңізді, не жыларыңызды білмей дал боласыз...
* Оның отбасындағы емес, сырттағы адамдармен сұхбаты маңыздырақ
Өзі телефонды құлағынан түсірмей, сағаттап «маңызды» мәселелер жөнінде сөйлесіп отырады. Бірақ, сізге келгенде мұндай түсіністік таныта алмайды. Сіз он минуттан артық телефонмен сөйлесіп қойсаңыз, көздері аларып, жақтырмағанын аңғартады.
Ашуланбаңыз! Әрине, бұл әділетсіздік қой... Дегенмен, ер адамдардың ойынша «әйелдер телефонмен жатып алып әңгімелеседі...» деген пікір олардың санасына сіңіп қалған.
* «Жағымды» тосынсый
Отағасының көңіл-күйі бүгін көтеріңкі делік, немесе 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай сыйлық жасағысы келіп, ас үйге беттеді. Әрине, бір күн болса да айтулы мерекеңізде қуантқысы келгені орынды. Дегенмен, ол бүгін отбасыңызға арнап дәмді тағам әзірлеуге кіріскенімен, асханаңыз бомба жарылған майданға айналады! Үстел үсті, газ плитасы, тіпті, қабырғаға дейін май шашырап, екі адам үшін 4 тәрелке, 8 тостаған, 10 қасық пайдаланылған. Ең қызығы, «бас аспаздың» дайындаған асынан соң, асхананы тазалау сіздің міндетіңізге кіреді. Ашуыңызға тие ме? Сабыр сақтай тұрыңыз! Егер сізге жинастыруға көмек берсе жақсы, егер олай болмаған жағдайда да байыппен түсіндіріп, «мұндай тосынсыйдың» сізге дұрыс келмейтінін, оның орнына басқалай қуантуға болатынын ескертіңіз.
* БІР басына ЕКІ жұмыс
Көпшілік әйелге мына жағдай таныс болса керек... Күйеуіңізбен бірге сауда орнына бір зат сатып алуға бара жатырсыз делік. Ал, ол болса, есіне бір оқиға түсіп, тоқтап тұрады да, сол қызықты әңгімені айта бастайды. «Уақытты текке кетіріп, қақайып бір орында тұрмайық, жол-жөнекей айта бересің» деп жеңінен тартқыласаңыз да ол тұрған жерінен әңгімесі бітпейінше қозғалмайды. Сабыр сақтаңыз! Себебі, ер адамның жаратылыс басқа. Олар бірден екі жұмысты қатар істей алмайды. Аузы сөйлеп жүріп, қолы істеу деген әйелдерге ғана тән ғой...
* Жақсы жаққа өзгеруі үшін...
Ретсіз шашылып жатқан шұлықтар, жейделер... Ол үстінен шешкен киімін тұрған жеріне тастап кетіп «үйренген». Кірлеген киімдерін тым құрығанда кір жуғыш орынға апарып та қоймайды. Асықпаңыз! Киерге таза киім таппағанда қателігін түсінер.
* Бейшара науқас
Ер адам, оның денсаулығы- адамзаттың ашылмаған жұмбағы деуге болады. Өйткені, ол ауырса, екі бүктеліп қалса да «намысқа тырысып» дәрігер алдына барудан бас тартады. Құдай сақтасын, егер тамағы ауырып немесе жөтеліп қалса бар ғой... Төсегін салып, ыңқылдап, сіздің де мазаңызды алады. Оны көргенде суықтап қалған деп емес, ауыр дертке шалдыққан шығар деп ойлауыңыз мүмкін. Сақтық шараларын жасаңыз! Әрине, оның «ойбайын, аһылап-үһілеуін» естіп, қабағыңыз ашылмауы да кәдік. Алайда, ауруды асқындырып алмай, дәрігерге баруға көндіруіңіз керек. Өйткені, ер адам денсаулығына жауапкершілікті де әйеліне жүктеп қойған. Не істер едіңіз?!
* Білімпаз мәслихаты
Теледидар алдына жайғасып, футбол тамашалауда. Ара-арасында ойыншылардың әрекетіне айқай қосып, «үйретіп» отыра ма? Өйткені, ол спорттың осы түрінен мектеп кезінде «шұғылданған». Сондықтан, осы саланың білгірімін деп есептейді. Үндемеңіз! Есесіне, ішіне жиналып қалған сезімдерін футболға шығарып алсын. Сізге де жақсы ғой?..
* Тәуелсіз құрастырушы
Сіз компьютер тілін түсіне алмадыңыз. Бірақ, сіздің компьютерді «шұқылап», өзіңіз біліп алуға уақытыңыз тапшы. Қысқа уақытта түсінікті жауап алу да мүмкін болмай тұр. Ал, жолдасыңыз сізге оңай нәрсені қиын терминдермен түсіндірмек болады. Бірақ, сіз бәрібір ештеңе түсінбедіңіз. Егер антивирус орнатып беруін сұрасаңыз, бүкіл программаны басынан көріп шығады. Әрине, сізге жақсы болсын деп жасайды осының барлығын. Техника ер адамның ойында құрастыру ынтасын оятса несі жаман?
Сіз оған кедергі жасамаңыз, есесіне үй ішіндегі басқа да тірлігіңізді бітіріп тастайсыз. Ол сіз қалаған программаны орнатып бергенде рахмет айтуды да ұмытпаңыз!
Арзымайтын мәселеге бола ашуға бой алдырмай, ер адам табиғатын түсініңіз!
Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА
Тағы да оқыңыз: ҰРЫСҚАҚ ӘЙЕЛ қайдан шығады?