Тойбастардың тәртібі қандай?

0
8 497

Ғаламтор беті тойбастар үшін таласқандардың видеосына толы.


Тойбастардың тәртібі қандай?

Той жасай қалсақ, алдымен "тойбастар" ойлап кететін болғанбыз. Оның бағасы, көлемі, сапасы яғни бәрі жұрттың ауызына жақсы жағынан "ілінуі" керек.

Қазір тойдан тобықтай деген халық кәмпиттен бастап, көрпеге дейін таратып жатады. Негізі біздің түсінігіміздегі "тойбастар" тойға келген халыққа таратылатын сый-сияпат. Бірақ тойбастардың тарихы әрі де жатыр екен. Өйткені тарих беттерінен қарайтын болсақ, тойбастарды кез келген адам алмаған. Оған Ахмет Байтұрсыновтың «Тойбастар жырын айтқан жігіт немесе қызға той иесі рақметін айтып, тойбастар яғни, сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсететін болған» деген сөзі дәлел.

Ендеше, бүгінгі тойбастардың тарихына үңіліп көрелік...


Бірақ біздің заманымыздағы тойбастар біршама өзгеріске ұшыраған ұқсайды. Өйткені әуелде "тойбастар" деп қыз ұзату, үйлену және осы сияқты тойларда айтылатын өлеңнің түрін атаған. Яғни, тойдың соңында қыз-жігіттер бас қосып, қоштасу ұйымдастырған. Ән айтылып, би биленген кештің соңына қарай "тойбастар" жыры айтылатын.

Тойбастар жырының мазмұны жас отбасына игі тілек, өсиет, ақыл-кеңес ретінде келген. Бұл әнді ақындар жадынан шығарып та, жаттанды өлеңдермен де айтқан деседі. Тойбастардың шырқалуы тойдың біткенін, бірақ қуаныштың алда да жалғасын табатынын білдіреді.

Тойбастар орындаған қыз жігіттерге той иесі өзінің арнайы сый-сыяпатын ұсынып алғысын айтқан. Бүгінде осы үрдіс кейін өзгеріске түсіп, тек сый тарататын кейпінде сақталған сияқты.

Фото желіден алынды.

ERNUR.KZ