ТҮРКІСТАН: Облыс полицейлері саптық байқауын өткізді

0
2 252

Іс-шараға 200-ден астам полиция қызметкерлері және 80-нен астам автотранспорт бірлігі қамтылды.


ТҮРКІСТАН: Облыс полицейлері саптық байқауын өткізді

Түркістан облысында облыстық Полиция департаменті бөлімдерінің сапта тұру байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін 16 қыркүйекте Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы ПД ЖПҚ бөлімдерінің гарнизондық байқауы өтіп, жеке құрамның дайындығын тексеру мен автокөлік қызметінің даярлығы тексерілді. Саптық байқауға департамент бастығы Полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков, бастықтың бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалив, бастықтың орынбасарлары Мұхтар Қожабаев және Бағлан Халықов, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов, сондай-ақ Түркістан облысының ЖПҚ жеке құрамы мен Түркістан қаласы патрульдік полиция басқармасы қыметкерлері қатысты. Жалпы іс-шарада барлығы 200-ден астам полиция қызметкерлері және 80-нен астам автотранспорт бірлігі қамтылды.

Арнайы марапаттау барысында полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков Түркістан облысы ПД ЖПҚ МЕН Түркістан қаласы ПБ ППР бойынша 48 қызметкерге алғашқы шендерін яғни полиция лейтенанты офицерлік атағын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің басшысы тәртіп сақшыларының сыртқы түрі мен жинақылығын жеке бағалап, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, қызметкерлердің түр-тұлғасын, киім киісін ереже талаптарына сай болуын қадағалап, патрульдік полицияның қызметтік автокөліктеріне де тексеру жүргізді. Аталған ережелердің ҚР ІІМ-нің арнайы стандарттарына сәйкестігі де бағаланды.

Сондай-ақ генерал-майор Қ.Дәлбеков саптық бақылаудың өтілуі – бәрінен бұрын Түркістан полицияларының қызметіне дайындығын тексерудің жай-күйін сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп сақтаудың қамтамасыз етудегі жеке құрамның алға қойған мақсат-міндеттерге дайындығын тексеру деп атап өтті. Саптық байқау аяқталған соң, полицейлер взводтар бойынша салтанатты шеруден өтті және тәртіп қорғаудың күнделікті міндеттерін орындауға кірісті.