Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында депутат, ІІМ-нің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Бұған дейін хабарлағынымыздай, Жаңа жыл түні Алматының Медеуінде бір топ шетелдік студент жаппай төбелескен болатын. Бүгін журналистер осы мәселеге қатысты Сенат депутаты, ІІМ-нің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаевтың пікірін сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Біздің елге келген кез келген шетелдік біздің заңды, біздің дәстүрді, біздің ережелерді сақтауы керек. Бұл әлем бйынша солай. Біздің заңнама бойынша сол елдің тәртібін бұзған шетелдіктер елден депортацияланады. Соның ішінде, елімізде заңсыз жүргендер депортацияланады. Олар ішке одан кейін бес жыл бойы кіре алмайды», - деді Қожаев.