Ауыл шаруашылығы мамандарының мәртебесін көтеру - ауыл болашағының кепілі

0
84

Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, оларды ынталандыру - уақыт талабы.


Ауыл шаруашылығы мамандарының мәртебесін көтеру - ауыл болашағының кепілі

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегін бағалау – ауылды дамытуға, елді өркендетуге бастайтын басты кепіл. Ауыл шаруашылығы - ұлттық экономиканың тірегі, халықтың әл-ауқаты мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Осы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған басты күш - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен саланың кәсіби мамандары. Бұл саладағы мемлекеттік қызметшілердің білімі, тәжірибесі мен адалдығы ауылдың өркендеуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, оларды ынталандыру - уақыт талабы.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің міндеттеріне негізінен ауылдағы аграрлық саясаттың жүзеге асуына атсалысу, шаруаларға мемлекеттік қолдау тетіктерін жеткізу, егін және мал шаруашылығы бойынша бағдарламаларды іске асыру, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа үлес қосу болып табылады. Осындай жауапты міндеттерді атқарып жүрген мамандардың еңбегі әрдайым көзге көріне бермегенімен, олардың жұмысы - аса маңызды әрі қоғам үшін бағалы. Шын мәнінде, ауыл шаруашылығы басқармасындағы әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен ынтасы артқан сайын агроөнеркәсіп кешенінің дамуы да қарқынды бола түседі.


Мемлекет пен қоғам тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп, еңбектері әділ бағаланса, салаға білікті жастардың келуі артып, ауылдың келешегі де жарқын болмақ. Бұл ретте Түркістан облысының әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан мемлекеттік және кәсіби мерекелерде сала үздіктерін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және облыс әкімдігінің медаль, төс белгі, құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапаттау дәстүрге айналған. Мұндай ынталандыру шаралары - мамандардың еңбегін елеп-ескеріп қана қоймай, олардың кәсіби беделін көтеріп, ауыл шаруашылығы саласының абыройын арттыра түседі. Ең бастысы, бұл - ауылдың болашағына, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған үлес.


Түркістан облыстық ауыл шаруашығы басқармасының баспасөз қызметі

Бөлісу