​Ауыл шаруашылығы саласы жаңаша қарқын алады

0
2 694

Кәсіпкерлер мен дихандарға "Бастау бизнес" бағдарламасы арқылы жағдай жасалады


​Ауыл шаруашылығы саласы жаңаша қарқын алады

ERNUR.KZ. Облыс орталығы Түркістан қаласында «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысы тақырыбында жиын өтті, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Семинар-кеңес ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткізілді.Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша өткен басқосуға облысымыздағы барлық ауыл шаруашылығы саласының мамандары, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Ауыл шаруашылығының дамуыең алдымен ауыл, аудан, ауылдық округтердің әкімдеріне тікелей байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығын жандандыруға бірлесіп белсене кіріскеніміз жөн. Шілде айының басында Үкіметте ауыл шаруашылығын кешенді дамытуға арналған бағдарлама бекітілді. Алдағы уақытта қай өңірде қандай саланы дамыту тиімді, қолға алуға қолайлы барлығы ескеріліп жаңаша бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Экспортталатын, импортталатын өнім көлемін ұлғайтсақ жемісті еңбек атқарғанымыздың бағасы осы болмақ», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, басқосуда ауыл шаруашылығын дамыту төңірегіндегі өзекті мәселелер, дихандар менжеке кәсіпкерлерге жағдай жасау бойынша «Бастау бизнес» сияқты тың бағдарламалардың шарттары мен тиімділігі жайында айтылды. Тиісті сала мамандары мал шаруашылығындағы етті және сүтті бағытта, егістік алқабындағы астық, дәнді-дақылдардың өнім көлемін арттыру мәселесіне тоқталып, баяндама жасады.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша облыс көлеміндеауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Қазіргі кезде Түркістан облысында егін, мал шаруашылығы бірінші кезекте, туризм мен өнеркәсіпті дамыту келесі кезектегі мәселеге айналған.Алдағы уақытта аталмыш тақырыптағы семинар-кеңеселіміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндіріледі.