​"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі мен ардагерлер бірлестігі меморандумға қол қойды

0
1 168


​

«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов пен Түркістан қалалық «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарқымбек Құлбайымбетов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жастар жылы» аясында қолға алынған шараның мақсаты ынтымақтастықты нығайту, киелі-рухани орынды қайта жаңғырта отырып, ұрпақ баласына насихаттауға бірлесе күш салу, түрлі аңыз-деректер мен материалды жинақтауға үлес қосу және Түркістан қаласындағы соғыс және еңбек ардагерлері мен қорық-музей жастары өзара мәдени-көпшілік және әлеуметтік, қайырымдылық шараларды жүзеге асыруда жұмыла жұмыс атқару болып табылады.

Аталған мәселелерді кеңінен қамтыған тарихи құжат шеңберінде атқарылатын жұмыстар да нақтыланды.

Дереккөз: Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі