Оңтүстік өлкесінде 23 наурыздан бері соққан екпінді жел саябырсымай тұр.
иллюстрациялық фото
Бүгін Бәйдібек ауданындағы мешіт пен фельдшерлік-акушерлік тірек шатыры ұшты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бәйдібек ауданына қарасты Ақбастау ауылдық округі, Кеңес елді мекені, Тұрсынбеков көшесінде орналасқан фельдшерлік акушерлік тіректің шатыры ұшқан.
Сондай-ақ Бәйдібек ауданындағы аталған ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылындағы мешіттің жанындағы қосымша жайдың шатырын жел ұшырып жіберген.
Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 100 шаршы метр шатырдың 72 шаршы метрі қирап қалған.