Балалардың кішісі 6 айлық: Түркістан облысында тағы бір келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

0
1 030

Әйелдің жасы 30-да болған.


Балалардың кішісі 6 айлық: Түркістан облысында тағы бір келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

иллюстрациялық фото

Түркістан облысында ер адам әйелін өлімші етіп ұрып, төрт баласын анасынан айырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы журналист Гульмира Абыкай өзінің парақшасында жазды.

Куәгерлердің жазуынша оқиға шамамен 14 маусымда болған. Соққыдан жансақтау бөліміне түскен келіншек ес жимастан 22 маусымда көз жұмған.

"Тағы да күйеуі әйелін ұрып өлтірді; Тағы да сұмдық оқиға балалардың көзінше болды. Тағы да 4 бала тірі жетім қалды. Тағы да Түркістан облысы (Жетісай). Байқұс әйелдің жасы 30-да екен. Төрт баланың кішісіне 6-ақ ай. Шартты түрде сотталған күйеуі, жұрттың айтуынша бұл жолы нашаға еліріп ес жоғалтқан. Марқұмның сынбаған сүйегі, езілмеген органы жоқ.

Өлімші қылып ұрып-тепкеннен әйел Ес-түссіз аурухаға түсті де бір апта бойы комадан шықпай көз жұмды. Өте өкінішті… 2 ай бұрын дәл осылай Ордабасыда орын алған Үкілай трагедиясы еш сабақ болмаса керек?! Ол оқиға әлі тергелуде. Мына жағдай @turkistan_polisia назарында, қылмыстық іс қозғалды.
Қанша жерден жамандықты айтпайық, мал құлағы саңырау десек те өзімізден қашып құтыла алмаймыз!!! Отбасылық зорлық-зомбылық қоғам трагедиясы!!! Өркениет пен технология дамыған сайын адамның деңгейі төмендеп барады. Егер, әу баста еркектің әйелді ұруын отбасылық кикілжің емес тұрмыстық зорлық-зомбылық деп санағанда талай тиран тайраңдап жүрмес еді!", - деп жазады Гульмира Абыкай.

Жергілікті полиция департаменді оқиға туралы ресми ақпарат бермеген.

Еске салайық, біраз бұрын Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 4 баланың анасы күйеуінің қолынан қаза болған болатын.