«Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы Түркістанға келді

0
347

Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру.


«Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы Түркістанға келді

ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы – Түркістан қаласында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


28 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті.


Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді.


Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар.


Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды.


Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді.


Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады.