"Шымкентті жақсы көремін, кезінде «Шымкент феномені» атты тақырыпта мақалада жаздық...»
Түркістан облысының орталығында өткен жиынға белгілі саясаттанушы Айдос Сарым келді. Жиында саясаттанушы ел мүддесі үшін үлкен жобаларды жүзеге асыру қажет болса жаяу келіп, тегін қызмет жасауға даяр екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан қаласындағы «TÚRKISTAN MEDIA» халықаралық орталығында орналасқан «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубында болған жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев жүргізді.
«Егерде елге қауіп төнетін жағдай болса, елдің санасын өзгерту немесе бір жобаны жүзеге асыру керек болса мен жаяу барып, тегін істеуге әзірмін. Керемет дүние болса, қанекей. Өзім Шымкентті жақсы көремін, кезінде «Шымкент феномені» атты тақырыпта мақалада жаздық», - деді елдегі жағдайларға шолу жасаған саясаткер.
Сондай-ақ жиын барысында бауырларына аймаққа барып жұмыс істеу керектігін жиі айтатындығын, бұл жағдай шын мәнінде адамның психологиясын өзгертетіндігін түсіндіріп отыратындығын айтты.
Кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының орындалу барысы жөніндегі пікірімен бөлісті.