Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесулер ұйымдастыруда.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Орталық заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. Жұмыссыздардың құжаттарын қабылдау жаңа электрондық кезек стандарты бойынша жүзеге асырылады.
Айта кетейік, бүгін Түркістанда "Nur Otan" партиясының XVIII кезекті съезінде Елбасы тапсырған "Әлеуметтік қамсыздандыру" жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесулер ұйымдастыруда.